Сізге «CityPASS» бірыңғай туристік картасының қызметтер пакеті кеңейіп келе жатқанын хабарлауға қуаныштымыз. 20 қарашадан бастап картаны пайдалана отырып, ЭКСПО-2017 мұрасы нысандарына баруға болады. «Нұр әлем» сферасы, Арт-орталық, тақырыптық павильондар және жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлемнің жетекші 24 жобасы ұсынылған үздік тәжірибелер аймағы әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған туристерді күтуде. Айта кету керек, CityPASS жаңа нысанды қосуды ескере отырып, қымбат болмайды, картаның құны ересек адам үшін 6990 теңгені, ал бала үшін 5990 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, карта көмегімен елорда қонақтары 72 сағат ішінде Ұлттық музейге, «Астана-Бәйтерек» монументіне, екі қабатты автобустармен қала бойынша экскурсияға барып, «Океанариум», «Джунгли» немесе «шолу дөңгелегі» сияқты «Ailand» отбасылық демалыс орталығы нысандарының бірін таңдай алады, сондай-ақ қаланың 30-дан АСТАМ ҮЗДІК мекемелерінде басқа да арнайы ұсыныстарды пайдалана алады.
Толығырақ ақпаратты 8(7172) 47-85-65 телефоны арқылы немесе сайттан алуға болады www.citypass.kz