Almaty CityPASS картасының көмегімен туристер үш күн бойы оңтүстік астананың көрікті жерлерін, мұражайлары мен экскурсияларын тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. BNews.kz «Kazakh Tourism»АҚ сілтеме жасай отырып.
Турист қоғамдық көліктерде нысандар арасында жүру үшін «ОНАЙ» көлік картасымен CityPASS сатып ала алады. Almaty CityPASS құны 5990 теңгені құрайды.
Kazakh Tourism басқарма төрағасы Рашид Күзембаев айтып өткендей, бұл Қазақстанда іске қосылатын туристің екінші смарт-картасы.
«CityPass қазірдің өзінде Астанада бар, ал алдағы уақытта Щучье-Бурабай курорттық аймағында іске қосу жоспарлануда. Әлемнің барлық ірі қалаларында осындай карталардың болуын ескере отырып, біздің қалаларымыз бен туристік орталықтарымыз ерекшелік болмауы тиіс деп есептеймін», — деді ол.
Айта кету керек, CityPASS жиынтығына смарт-карта — көрікті жерлерге өтуге арналған микрочипі бар пластикалық карта, қала сипаттамасы жазылған және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудиогидтерге, көрікті жерлерге және туристік маршруттарға сілтеме жасалған жолсілтеме кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, CityPASS Kazakhstan жобасы Kazakh Tourism және «Астана Конвешн Бюро» ЖШС қолдауымен өткен жылы Астанада іске қосылған болатын. 2017 жылы Astana CityPASS 30 мыңнан астам картасы сатылды.