Бүгін Мәскеуде 26-шы MITT-2019 халықаралық туристік көрмесі өтуде. Көрмеге әлемнің 54 елінен 2000-ға жуық компания қатысуда.
CityPASS Kazakhstan сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism»ҰК АҚ ұсынған Қазақстан алаңындағы көрмеге қатысады. «Саяхат және туризм» көрмесі жалпы ауданы 40 мың шаршы метр болатын 6 павильон мен залды қамтиды. Көрме 12-14 наурыз аралығында өтеді.