Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуроодақ сертификатын алды.
Елордалық әуежай Еуропалық Одақ елдерінің аумағына авиациялық жүк тасымалдарын жеңілдетілген ұйымдастыру үшін қажетті шарт болып табылатын RA-3 (Regulated Agebts Third country) сертификатын ресімдеу процесін аяқтады.
Сертификат кез келген авиакомпанияларға авиациялық қауіпсіздік бөлігінде қандай да бір шектеусіз астаналық әуе айлағы арқылы ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын береді. RA-3 сертификаты сонымен қатар астаналық әуежайдың жүк терминалында жүктерді өңдеу процесі жүктердің барлық түрлері үшін Еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетіндігін растайды.
«RA-3 мәртебесінің болуы көріністі толығымен өзгертеді: осы сәттен бастап ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын барлық авиатасымалдаушылар автоматты түрде пайдалана алады, бұл кез келген (соның ішінде Еуропалық) авиакомпанияларға астаналық әуе қақпалары арқылы операцияларды еркін орындауға мүмкіндік береді», — деді» Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы » АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.
Қазір Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы осындай сертификатқа ие Қазақстандағы жалғыз әуежай болып табылады.